Білім

Алтынсарин атындағы академияға 100 жыл: мерейтойды қалай атап өтті

© Photo : Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіЫ.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Оқу орны 1921 жылы Орынбор қаласында Алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен құрылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.

Алматыда өткен іс-шараларға білім беру саласының құрметті қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және академияда ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ғалымдар қатысты. Жиын Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қою және Алаш зиялысының музей-үйіне бару рәсімінен басталды.

© Photo : Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі
Алтынсарин атындағы академияға 100 жыл: мерейтойды қалай атап өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі

Одан соң академияның 100 жылдығына арналған конференция өтті. Жиында елдегі білім беру жүйесін дамыту мен қалыптастырудағы академия рөлі қарастырылды.

Салтанатты іс-шара соңында академия президенті Ғани Бейсембаев конференцияға қатысушыларға Ұлттық білім академиясының дамуы мен қазақ білімінің өркендеуіне, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіруге еңбек сіңіргендерге алғыс хат табыс етті.

Академия тарихы

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 1921 жылы Орынбор қаласында Алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен құрылған. Академия өз қызметін 1933 жылдан бері Алматы қаласында жүзеге асырды. 2009 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

© Photo : Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіАкадемия 2009 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді
Алтынсарин атындағы академияға 100 жыл: мерейтойды қалай атап өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Академия 2009 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді

Академияның мақсаты - оқу-әдістемелік, озық инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізу арқылы отандық ғылымды заман талабына сай дамыту.

Жаңалықтар
0