Экономика

Мамин "Орталық Азия – ЕО" іскерлік кеңесін құруды ұсынды

© Photo : ПС правительства РКПервый экономический форум "ЕС – Центральная Азия"
Первый экономический форум ЕС – Центральная Азия - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Еуропа одағының үлесіне Орталық Азия сыртқы саудасының жалпы көлемінің 30%-дан астамы тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Орталық Азия – ЕО" іскерлік кеңесін құру бастамасын көтерді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бішкек қаласында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Орталық Азия – ЕО" бірінші экономикалық форумында сөз сөйледі.

"Премьер-министр Асқар Мамин "Орталық Азия – ЕО" іскерлік кеңесін құру бастамасын көтерді, оған екі өңірдің экономикалық блоктарының министрлері, бизнес басшылары, сондай-ақ қаржы институттарының, сауда және өнеркәсіп палаталарының өкілдері қатысады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Еуропа одағы Орталық Азия аймағының маңызды және неғұрлым тұрақты экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Тек соңғы 10 жылдың ішінде ЕО-ға мүше мемлекеттер Орталық Азия елдеріне 105 миллиард еуродан астам инвестиция салды, бұл аймаққа келіп түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 40%-нен асады. ЕО үлесіне Орталық Азия сыртқы саудасының жалпы көлемінің 30%-дан астамы тиесілі.

"Қазақстан премьер-министрі елдердің дағдарысқа қарсыдан пандемиядан кейінгі даму күн тәртібіне көшуін ескере отырып, "Орталық Азия – ЕО" форматында бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Премьер-министр Орталық Азия мен Еуропа одағын байланыстыратын инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігін арттырудың, сондай-ақ "жаңа буынның" көлік тізбегін құрудың маңыздылығын атап өтті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, Орталық Азияның көлік әлеуетін іске асыру өңірлік ЖІӨ-ге 15%-дан астам қосуы мүмкін.

Жаңа көлік бағыттарына сұраныстың артуы 2021 жылдың 9 айында Қазақстан аумағы арқылы тек "Қытай – ЕО" бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемінің 38%-ға артып, 500 мың ЖФЭ жуық жеткендігімен дәлелденеді. Осы тұрғыда Асқар Мамин Қазақстанның ЕО Трансеуропалық көлік желісі (TEN-T) жобасы шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуді қолдайтынын атап өтті.

Бішкек қаласына жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскиспен екіжақты келіссөз жүргізді. Үкімет басшысы Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы тауар айналымы 18,4%-ға артып, $20,8 миллиард долларға жеткенін атап өтті. 2021 жылдың бірінші жартысында ЕО-ның Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 14,1%-ға өсіп, $4,7 миллиардтан асты.  

Жаңалықтар
0