Өңірлер

Заңсыз пайда тапқан: "Астана-жылутранзит" жауапкершілікке тартылды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Монополияға қарсы комитет департаменті компанияға айыппұл салып, уақытша өтемдік тариф енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. "Астана-жылутранзит" АҚ өткен жылы 77 миллион теңге көлемінде негізсіз табыс тапқан, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты "Астана-Жылутранзит" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3 267 040 теңге көлемінде айыппұл салынды. Компания айыппұлды өтеді.

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде жылу қымбаттаған

Сонымен қатар монополияға қарсы комитет департаменті осы жылдың 1 тамызынан бастап "Астана-Жылутранзит" АҚ жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметке уақытша өтемдік тариф енгізді.

Жылу энергиясын беру және тарату қызметінің тарифі 2021 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсанына дейін қосылған құн салығынсыз 1 Гкал үшін 1 159,51 теңгені құрайды. Бұл бұрынғы тарифтен 11,74 теңгеге немесе 1%-ке арзан. Бұған дейінгі қолданыстағы тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 171,25 теңге көлемінде болды.

Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр

2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 шілдесіне дейін жылу энергиясын беру және тарату қызметінің тарифі қолданыстағы тарифтен 11,44 теңгеге немесе 0,9%-ке төмендеу арқылы қосылған құн салығынсыз 1 Гкал үшін 1 211,45 теңгені құрайды. Бұған дейінгі қолданыстағы тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 222,86 теңге көлемінде болды.

"Астана-Жылутранзит" АҚ негізінен жылу энергиясын беру және тарату қызмет түрімен айналысады.

Жаңалықтар
0