Аңдатпа

Қазақстанда 5 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, снег
Алматы, снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 5-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

08.00 - 20.00 - QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы "Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы" аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланып отыр. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды. Көрсетілім сілтемелері:https://www.facebook.com/qazforum2021https://www.instagram.com/qazforum2021.

14.30 -  Орталық коммуникациялар қызметінде "Орнықты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды іске асыру" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz;
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. Спикерлер: 

  • Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев; 
  • Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев;
  • Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев;
  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов;
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов;
  • Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев.

14.30 – "Как зайчонок зайцем стал" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Күй – ғұмырым, ұстаздық - тұғырым" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Дисней әлеміне саяхат"  комедиясы ("QAZAQSTAN" ОКЗ, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).

АЛМАТЫ

10.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

10.00 – "Ер Төстік" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

16:00 -  Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Алматыдағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы және басқарудың жаңа нысандарын құру жұмысы туралы" баспасөз-конференциясы өтеді. Спикерлер – Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин және Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйді жаңғырту бөлімінің басшысы Жандос Қайырханов. Іс-шара оффлайн форматта өтеді және әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жасалады. Көрсетілім: Алматы әкімдігі, ӨКҚ және Open Almaty-ның Facebook-тегі ресми парақшаларында.

18.30 – "Красотка" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.30 –  "Бір түп алма ағашы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Ақын...Періште...Махаббат..." драмасы (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

19.00 –  "Вечер одноактных балетов" спектаклі (Абай атындағы академиялық балет және опера театры, Кабанбай Батыр, 110).

19.00 –  "Пушкин Live" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Дударай" спектаклі ("Сцена" театры, Рысқұлбеков көшесі, 28).

20.00 – "BUNKER 56" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Бір актілі балет кеші. Бағдарламада: Love Fear Loss, A Fuego Lento және Путешествие памяти (Astana Ballet, Ұлы Дала даңғылы, 9).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 641 00 68, +7 (775) 554 79 63, +7 (777) 517 89 03.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Жаңалықтар
0