Оқиға

Алматыда көлік ағашқа тіреліп, жүргізуші аман қалды – фото

© Sputnik / СтрингерЛетняя резина стала причиной ДТП с перевертышем на улице Шокая
Летняя резина стала причиной ДТП с перевертышем на улице Шокая  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Жүргізуші бұрылыс кезінде көлікті басқара алмай, машина жиектасқа соғылды. Салдарынан бір шетке қисайып, ондаған метр алға жылжып, ағашқа барып тірелді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Алматының Медеу ауданында жол апаты болды. Көлік бір шетке қисайып, ондаған метр алға жылжып, ағашқа барып тірелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Алматының Медеу ауданындағы Шоқай көшесінде болған. Куәгерлер мен жүргізуші мәлімдегендей, жазғы дөңгелекті Subaru Forester Шоқай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Бұрылыс кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, машина бордюрге соғылған. Салдарынан бір шетке қисайып, тағы бірнеше ондаған метр алға жылжып, ағашқа барып тірелді. Ағаш болмағанда, автокөлік аңғарға қарай аударылып кетер еді.

© Sputnik / СтрингерЖол апатынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ
Алматыда көлік ағашқа тіреліп, жүргізуші аман қалды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жол апатынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ

Жол апатынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ. Жүргізуші аздап қорқып қалған. Жедел жәрдем шақыруға қажеттілік болмады. Қала полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыдағы қар

Алматыда төртінші қарашаның таңында қалаға 8 сантиметр қар түсті. Ал тау бөктеріндегі аудандарда 10, таулы ауданда 15 сантиметр қар жауды. Қар жауған уақыттан бері қала көшелеріне 4 200 тонна көктайғаққа қарсы материал себіліп, құм себетін 185 техника жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Түн уақытында Алматыда ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендеп, бүгін күндіз 6 градус аяз болады деп күтілуде. 5, 6 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деген болжам жасалды. Синоптиктердің айтуынша, солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жаңалықтар
0