Өңірлер

Әкім жарылғыш заттар қоймасы туралы: Тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуВзрывчатка. Архивное фото
Взрывчатка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Жарылғыш заттар сақталған қоймалар тұрғын үйлерден екі жүз метр қашықтықта орналасқаны белгілі болды. Жергілікті тұрғындар мұндай қауіпті нысанның іргелес тұрғанына қарсылық танытып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының билігі тұрғын үйлерге жақын орналасқан өнеркәсіптік жарылғыш заттар қоймасына қатысты мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп мәлімдеді өңір әкімі Оңдасын Оразалин.

"Бұл қойма бұрыннан бар. Тұрғындардың алаңдаушылығын түсініп отырмыз. Осы мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз: бұл қойманы салған кезде оның айналасында тұрғын үйлер болмаған. Өкінішке қарай, уақыт өте келе адамдардың өтініші бойынша осы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат берілді. Енді мынандай проблема туындап отыр", - деді Оразалин баспасөз конференциясында.

Қазір билік осы мәселенің шешімін табу жолдарын іздестіріп жатыр. Әкім тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

"Нақты шешім қабылданғанда хабарын айтамыз. Мәселе менің бақылауымда", - деді өңір басшысы.

Біраз бұрын Ақтөбе маңындағы Ақжар-2 ауылының тұрғындары өнеркәсіптік жарылыс қоймасын қауіпсіз қашықтыққа көшіруді талап етті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоймалар мен тұрғын үйлердің арасы 200 метр қашықтықты құрап отыр. Олардың көбі жақында ғана Жамбыл облысында қойма жарылып, қайғылы жағдайға алып келген оқиғаның қайталануынан қорқып отыр.

Ал облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жарылғыш заттар сақталған қойма 60- жылдары, жақын маңда тұрғын үй жоқ уақытта тұрғызылғанын хабарлады. Бұл аймақта баспаналар 2000 жылдардың басында пайда бола бастаған. Қоймада мұнай ұңғымаларын жаруға арналған жарылғыш заттар сақталған.

Оқи отырыңыз:

"Қорқып өлетін болдық": Тараз түбінде бір күнде 400 килограмм оқ-дәрі жойылды

Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқандардың кредиті кешірілді

Жаңалықтар
0