Экономика

Тоқаев азық-түлік бағасы жайлы: нәтижені президент те, халық та көріп тұрған жоқ

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ті құраған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банке инфляцияны 8,5%-тен асырмауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.

Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте азық-түлік бағасына тоқталды.

Президенттің айтуынша, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4%-ке өскен. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ті құрады.

"... Менің тапсырмаммен делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар құрылды. Алайда нәтижені президент те, азаматтар да көріп тұрған жоқ. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апта ішінде есеп беруге тиіс", - деді Тоқаев.

Ол азық-түлік бағасының қысымымен инфляция 6%-тен асып кеткені айқын екенін айтты. Президент үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны 8,5% шегінде сақтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0