Экономика

"Нәтижесінде не болды?": Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы туралы айтты

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуФермерское хозяйство, архивное фото
Фермерское хозяйство, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Президент ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жеке топ құруды тапсырды. Ол барлық үдерістерді бір ақпараттық жүйеге біріктірумен айналысады

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржы туралы айтты, деп хабарлады Ақорда.

Президент кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.

"Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жан-жаққа шашылады, олардың жұмсалуына бірыңғай бақылау жоқ. Экономикалық маңызы жағынан да нәтиже жоқ", - деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға осы саланы тексеруді тапсырғанын айтты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырдым. Бұған қоғам мен фермерлердің өзін тарту керек", - деді Тоқаев.

Президент ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жеке топ құруды тапсырды. Ол барлық үдерістерді бір ақпараттық жүйеге біріктірумен айналысады.
Оңтайландырылған процестер мен жаңа технологиялар – тиімді трансформация, деді президент.

Оқи отырыңыз: "Халық қалтасын қағып жатыр": депутат үкіметтің бастамасын сынға алды

"Биліктің төменгі және орта буынындағы, жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлық жоғары кабинеттердегі сыбайлас жемқорлықтан кем түспейді. Жемқорларды ұстаумен қатар сіздердің жұмыстарыңыздың мақсаты бюрократиялық олқылықтар мен схемаларды, басқару кемшіліктерін жою болуы керек", - деді Тоқаев.

Айта кетері, бұған дейін бірінші қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты 30-ға жуық адам ұсталды.

Жаңалықтар
0