НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақ боксшысы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды.
48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
Айта кетері, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.
Оқи отырыңыз: