"Қазақстан аруы" байқауының қатысушысы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында болды

© Sputnik / Владислав ВодневПобедительница номинации "Шоу талантов" проекта "Мисс Казахстан" 19-летняя Полина Филимонова
Победительница номинации Шоу талантов проекта Мисс Казахстан 19-летняя Полина Филимонова - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Полина Филимонова Sputnik Қазақстан нұсқасы бойынша "Таланттар шоуы" номинациясын жеңіп алғаннан кейін "Қазақстан аруы – 2021" атағы үшін бақ сынауға екінші рет мүмкіндік алды. Ол редакцияға келіп, өзі туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. "Қазақстан аруы" жобасындағы "Таланттар шоуы" номинациясының жеңімпазы 19 жастағы Полина Филимонова Sputnik Қазақстан агенттігінің баспасөз орталығында болды.

Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының редакциясы өскемендік аруды жеңісімен құттықтап, сыйлық табыс етті.

"Байқау шарты бойынша Sputnik Қазақстан редакциясы "Таланттар шоуы" номинациясының жеңімпазын анықтап, бір қызға өз өңірінде жеңіске жетпесе де "Қазақстан аруы" финалдық іріктеуіне қатысуға мүмкіндік бере алады.  

© Sputnik / Владислав Воднев"Қазақстан аруы" жобасындағы "Таланттар шоуы" номинациясының жеңімпазы 19 жастағы Полина Филимонова
Қазақстан аруы байқауының қатысушысы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
"Қазақстан аруы" жобасындағы "Таланттар шоуы" номинациясының жеңімпазы 19 жастағы Полина Филимонова

Қыздар жеңіске жету үшін барын салды – би билеп, ән шырқады. Таңдау кезінде біз ең алдымен талантына, шығармашылығына назар аудардық. Полинаға және байқаудың барлық қатысушысына "Қазақстан аруы" жобасында сәттілік тілейміз, - деді "Россия сегодня" ХАА өкілдігінің басшысы Виктор Панов.

"Байқауға қайта оралып, бақ сынап, өзімді бүкіл елге таныстыратынымды естігенде қатты қуандым. Осындай ауқымды жобада екінші мүмкіндік алғаныма ризамын. Мен үшін бұл жай ғана байқау емес, мол тәжірибе. Мен жаңа нәрсені байқап көргенді ұнатамын", - деп атап өтті Полина.  

Бойжеткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" әнін қазақ тілінде шырқап, редакция таңдауымен жеңіске жетті. Осылайша Полина "Қазақстан аруы" жобасына қайта оралып, қараша айында өтетін финалдық іріктеуге қатысуға бірегей мүмкіндік алды.  

Қазір ол Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды, ән айтуды, би билеуді, театр өнерін жақсы көреді.

"Көзімнің қарасы" әні – менің ең жақсы көретін әндерімнің бірі. Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың бұл туындысын естімеген адам жоқ шығар деп ойлаймын. Тыңдап, шырқаудан жалықтырмайтын әуезді, әсерлі ән. Ал егер оны жан-тәніңмен орындасаң, жүректе ұзақ сақталады", - деді Полина Филимонова Sputnik Қазақстанға.

Қыздың айтуынша, ол мектепте қазақ тілін меңгеруден олимпиадалар мен жарыстарға белсене қатысқан.

"Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Индира Мақұлбекқызы Есімхановаға алғыс айтамын, өйткені ол менің қазақ тілін үйренудегі барлық талпынысыма қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді", - дейді "Қазақстан аруы" байқауының қатысушысы.

Енді жас ару "Қазақстан аруы – 2021" финалдық іріктеуінде өз өнерін көрсетеді. Ол финалистермен бірге кәсіби сахнаға шығып, танымал хореографтармен және режиссерлермен жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік алды.

© Sputnik / Владислав ВодневБиыл "Қазақстан аруы" жобасының тарихында алғаш рет облыстық турдан өте алмаған қыз финалдық іріктеуге қатысады
Қазақстан аруы байқауының қатысушысы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Биыл "Қазақстан аруы" жобасының тарихында алғаш рет облыстық турдан өте алмаған қыз финалдық іріктеуге қатысады

Биыл "Қазақстан аруы" жобасының тарихында алғаш рет облыстық турдан өте алмаған қыз "Таланттар шоуы" номинациясы арқылы финалдық іріктеуге автоматты түрде өтіп отыр.

"Қазақстан аруы" республикалық байқауының қазылар алқасы таңдаған бұл номинацияға Қазақстанның әр өңірінен барлығы он үміткердің шығармашылық нөмірі ұсынылды.

"Таланттар шоуының" жеңімпазын анықтау құқығы "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының ресми ақпараттық серіктесі – Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен радиосына берілді. "Таланттар шоуы" номинациясы маңызды кезең болып саналады, себебі ол қыздарға "Қазақстан аруы – 2021" атағын жеңіп алуға және "Әлем аруы-2021" халықаралық байқауында еліміздің атынан шығуға екінші мүмкіндік береді. 

Жаңалықтар
0