Қоғам

Ұлттық экономика министрі азық-түлікке күніне қанша теңге жұмсайтынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр национальной экономики Асет Иргалиев
Министр национальной экономики Асет Иргалиев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Күніне азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайсыз деген сұраққа жауап беріп жатып, министр шатасып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік сатып алуға күн сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Журналистер министрден азық-түліктің қымбаттауынан, қазақстандықтардың бағаның үнемі өсуіне қатысты шағымынан хабары бар ма екенін сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Ерғалиев баға тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде өсіп жатқанын атап өтті. Әлемдік инфляция 33%-ке жетсе, Қазақстанда оның деңгейі 8,9% шамасында.

Күніне азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайсыз деген сұраққа жауап беріп жатып, министр шатасып кетті.

"Отбасымызбен күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз", - деді министр мәжіліс кулуарында. Бірақ "бұл бір айда ма?" деп нақтылаған кезде "иә" деп жауап берді.

"Біз де нан, сүт, қант сатып аламыз. Біздің де отбасымыз сіздердікіндей", - деді Ерғалиев.

Ол қазір үкімет халықтың табыс көзін арттыру үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті. Бұл үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Айта кетері, қазақстандық министрлер еңбек өтіліне қарай орташа есеппен 600 мыңнан 1,2 миллион теңгеге дейін жалақы алады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0