Қоғам

Рақымшылық жасалады: қанша адам түрмеден шығатыны белгілі болды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного в колонии
Архивное фото заключенного в колонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Қазір елде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында отыз төрт мың адам бар. Оның отыз мыңына сот үкімі шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай түрмеде жазасын өтеп жатқан мың адам бостандыққа шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.

"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады", - деді Тұрғымбаев.

Айтуынша, қазір республикада 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында отыз төрт мың адам бар. Оның отыз мыңына  сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

"Жоба бойынша 2 236 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады, 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1294 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылады", - деді министр.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі бес мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдарының жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады.

Тұрғымбаев Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса ауыр қылмыс жасаған адамдар рақымшылыққа ілікпейтінін атап өтті.

Мәжіліс заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Жаңалықтар
0