Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда үй кіреберісінде болған жағдайға қатысты тергеу басталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевТемный подъезд обесточенного ЖК "Нурсая-2"
Темный подъезд обесточенного ЖК Нурсая-2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ұрылардың кім екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің бірінде болған ұрлық видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Екі ер адам кіреберісте тұрған бес бірдей велосипедті қолды қылған. Онымен қоймай, төрт өрт сөндіргіш пен өрт құбыршегін де ұрлап кеткен. Екеуі түрін жасырған да жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Нур-Султан (@eto_astana_detka)

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 102 желісіне Шоқан Уәлиханов көшесінде тұратын әйел хабарласып, үйдің кіреберісінен велосипедтер ұрланғанын айтты. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ұрылардың кім екенін анықтады.

"32 және 34 жастағы екі ер адам 5 велосипед ұрлаған. Соның ішінде төртеуі – балаларға арналған велосипед. Сондай-ақ, олар төрт өрт сөндіргіш пен өрт құбыршегін де қолды қылған. Шұғыл іздестіру шаралары кезінде екеуі де ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі ("адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Ондай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 3 000 АЕК-ке (8 751 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылып не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығы шектеліп немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Жаңалықтар
0