МӘСКЕУ, 3 қараша – Sputnik. "Ресейдің тікелей инвестициялар қоры The Lancet рецензияланатын жетекші медициналық журналында Н.Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының зерттеуін жариялағаны туралы хабарлайды.
"Зерттеу бойынша препарат жоғары қауіпсіздік пен гуморалды және жасушалы күшті иммунитет қалыптастыратынын дәлелдеді", - деп жазылған баспасөз ақпаратында.
Рандомизацияланбаған сынақ препарат коронавируспен ауырмағандар тобында да, сондай-ақ инфекция жұқтырғандар арасында да күшті иммундық әсер тудыратынын растады. Тіркелген жанама әсердің басым бөлігі жеңіл сипатта болды, ғалымдар аса ауыр кері әсер анықтаған жоқ.
Мәскеудің 28 мың тұрғынын "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасымен иммундауға негізделген Гамалея орталығының біршама бұрынғы зерттеулері екпе салынғаннан кейін үш ай бойы дельта-штамға қарсы тиімділікті (70 процент) көрсетті. 60 жасқа дейінгі адамдар тобында бұл көрсеткіш 75 проценттен асты.
Оны басқа вакциналардың бустері ретінде қолдану кезінде тиімділігі ауру жұқтыруға қатысты 83 процентті және ауруханаға жатқандарға қатысты 94 процентті құрады.
Вакциналау аурудан қорғанудың ең тиімді әдісі болып отыр. Ведомство басшысы Михаил Мурашконың айтуынша, коронавирус жұқтырып, ауыр хәлде жатқандар арасында екпе салдырғандар үлесі 0,03 проценттен аз, стационардағы науқастардың басым бөлігі екпе салдырмағандар.
Қыркүйектің соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 салдарынан көз жұмғандардың вакциналаудан бас тартуы арасындағы байланысы туралы мәлімдеді.