АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі LRT бағанасының біріне соғылды. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желіде видеоға қатысты қазақстандықтар түрлі пікір жазып жатыр. Көптен бері құрылысы аяқталмаған LRT туралы әзіл жазғандар да бар.
"LRT-нің бір пайдасы тиіпті, әйтпесе көлік қарсы бағытқан шығып кетер еді".
"LRT-ге қарсы екенін сөзбен емес, іспен көрсетті".
"Халық ақырындап ЛРТ-ны бұза бастады".
"Вандал. Ескерткішті көлікпен соққаны қалай? Сыбайлас жемқорлыққа арналған ескерткішті".
"LRT-ға рахмет. Қазір барлық паблик "LRT адам өмірін сақтап қалды" деп жазады".
Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен жағдайға байланысты пікір білдіруін сұрады.
LRT туралы
Қазақстан астанасында LRT жеңіл рельсті көлікті 2005 жылы құру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың басталуына орай капсуланы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы салған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы құны қымбат жоба мен оған жауаптыларды сынға алды. Кейін елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.
Кейбір мәлімет бойынша, кейінгі алты жылда LRT жобасын іске асыруға бюджеттен 156 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
2021 жылдың жазында LRT құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Оқи отырыңыз:
Нұр-Сұлтанда LRT құрылысына қатысты тағы шу шықты
Бюджеттің 6 миллиард теңгеге жуық қаржысын талан-таражға салғандарға тықыр таянды