Өңірлер

"Жартылай жалаңаш билейді": Ақтау әкімі өзіне қатысты видеоға пікір білдірді

© Photo : PixabayWhatsApp добавил функцию самоуничтожения сообщений через 7 дней
WhatsApp добавил функцию самоуничтожения сообщений через 7 дней - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қала басшысы біраз дау тудырған пластик гүлдер үшін "алғыс білдірген" африкалықтардың видеосы туралы не ойлайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік желіде тараған әзілге қатысты пікір білдірді.

Қалада туристерді тарту мақсатында бюджеттің 15 миллион теңгесіне пластиктен "Гүлдер алаңы" жасалған. Тұрғындар желіде мұншалықты қаржыға пластик гүлдің "егілгеніне" наразылық білдірген. Бұл тақырыпта түрлі әзіл тарап кетті. Солардың бірі қала басшысының суретін ұстап, гүлдер алаңы үшін алғыс білдіріп тұрған африкалықтардың видеосы. Наташа Королеваның "Желтые тюльпаны" әні таңдалған.

"Маған таң атқалы WhatsApp-тан таныстарым осы видеоны жолдап жатыр. Мейлі, бұл видеоны түсіре берсін ұнаса. Мәселе өзімде тұрған жоқ. Мәселенің тереңі мүлдем басқада. Байқасам, бірнеше еркек адам еркек адамның суретін сүйіп алдында жартылай жалаңаш билейді. Өсіп келе жатқан жастарға еркек адам еркек адамнан жиіркенбеуі керек деген лас насихат па деп қалам түбінде. Ұрпақ санасына шабылып жатқан балта емес пе?", - деп жазды ол Facebook-те.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz)

Бұған дейін әкім "Гүлдер алаңының" қалай жасалғанына өзінің де көңілі толмайтынын айтқан болатын. Ол инсталляцияны дұрыстауды немесе мүлдем алып тастауды ұсынды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін африкалық жігіттердің видеосын Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл маңында құрылыс салуға қарсы адамдар қолданған болатын.

Сондай-ақ олар Ақтөбе және Өскемен әкімдерін де "құттықтады".

Ролик авторлары - африкалық ел тұрғындары. Олар ақылы түрде осындай видеолар түсіреді.

Жаңалықтар
0