Әлем

АҚШ-қа кімдер кіре алады – министрлік жаңа ереже жариялады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуГорода мира. Нью-Йорк
Города мира. Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша ресімделуі шарт. Ол құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексеріп отырады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа кіргізудің жаңа талаптарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлікке дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана Америкаға кіруге рұқсат беріледі.

Қазіргі кезде бекітілген тізімде жеті вакцина бар. Олар:

  • Pfizer-BioNTech;
  • Moderna;
  • Johnson&Johnson;
  • AstraZeneca;
  • Covishield;
  • BIBP/Sinopharm;
  • Sinovac.

Сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша ресімделуі шарт. Ол құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексеріп отырады.

Сонымен қатар, жаңа талаптарда вакцина алмауға болатын адамдардың тізімі де көрсетілген. Олар:

18 жасқа дейінгі балалар;

вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері бар адамдар;

дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілер немесе олардың отбасы мүшелері;

халықаралық ұйымдардың қызметкерлер.

Жаңалықтар
0