Видео

Алматылық Astana LRT: "Алтын Ордадағы" жол айрығы кептелісті жоймайды – видео

Жазылу
"Алтын Орда" базарының жанында жол айрығы салынып жатқанына төрт жыл болды. Бұл Алматы мен Алматы облысы шекарасындағы жол кептелісін жоюы керек

Жол айрықты пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылып келді. Қазір оны 2021 жылы аяқтаймыз деп уәде етуде. "Ортақ жол" жол қозғалысының қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов жол айрық құрылысы не себепті белгіленген мерзімде аяқталмайтыны туралы айтып берді. Оның айтуынша, бұл кептеліс проблемасын шешпейді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы жолды жөндеу және жол айрық төсеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Нысан 2020 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланды. Бірақ "Дәулет ДорСтрой" компаниясы өзіне жүктелген міндетті тиісті деңгейде атқара алмады. Жол бойындағы нысандар дер кезінде бұзылмағандықтан және пандемия салдарынан құрылыс уақытында аяқталмады. Ақырында ол компаниямен арадағы келісімшарт бұзылды.

Осы жылдың сәуір айының соңында жаңа мердігер – "СинеМидасСтрой" компаниясымен келісімшарт жасалып, компания жобаны 2021 жылдың қазанында аяқтаймыз деп уәде етті. Алайда бұл мерзім жыл соңына дейін тағы ұзартылды.

Автосарапшы Арсен Шакуов бұл мерзім әлі бірнеше рет кейінге шегерілетініне сенімді. Ол жобалау мен жергілікті инфрақұрылым иелерімен талқылауға ұзақ уақыт кеткенін айтты. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталды.

"Кез келген көпір, жол айрығы бір жыл ішінде салынып бітпейді. Мен бұл саладағы барлық мән-жайды білетін маман болғандықтан, 2021 жылдың соңына дейін нысанды пайдалануға береміз деп уәде ету қоғамда шу шықпас үшін жасалғанын біліп отырмын. Қазір мерзімді шегерді, әлі бірнеше рет кейінге қалдырылады", - деді Шакуов.

Оның айтуынша, 200-300 килотонна салмақты көтеруі тиіс көпірді бір жылда тұрғызу мүмкін емес. Ол үшін кемінде үш жыл уақыт керек. Себебі топырақ тығыздалып, бетонның нығаюы, арматуралау жұмысы уақыт қажет етеді.

Мамандар осы жол айрығы Алтын Ордадағы жол кептелісіне оңтайлы ықпал етеді деп уәде етті. Жол кептелісі Алтын Ордаға жетпей, Қалқаманнан басталатынын базар жанындағы жерүсті өткелінен көруге болады. Арсен Шакуов жол айрығы мерзімінде пайдалануға берілсе де,кептеліс проблемасын шешпейтініне сенімді.

Айта кетері, қала орталығынан "Алтын Ордаға" дейін және Алматы облысының ауылдарына көп қоғамдық көлік қатынайды: автобустар мен бағдарлы көліктер, жол ақысы 80-150 теңге. Алайда базар облысаралық нысан болғандықтан, ол жақта көтерме саудамен айналысатындар сауда жасайды, көлік іші толы болғандықтан, онымен жүру қолайсыз.

"Жол айрығын ақылды адамдар, инженерлер жобалағанына сенімдімін, олар барлығын есепке алады. Бірақ инфрақұрылым мен адамдардың қоғамдық көлікке мінуден бас тартуы қолайсыз жағдай тудырып тұр", - деді Шакуов.

Жолды жобалау кезінде жол айрығы о баста жоқ жердегі көшені тарылтып тастауы "Алтын Ордадағы" жол кептелісін үдетіп жіберді. Сондықтан жол айрығы облыс ауылдарына шығу проблемасын шешкенімен, базардағы кептеліс сол күйі қала береді.

Жаңалықтар
0