Қоғам

Рақымшылықтан кейін елде қылмыс саны өсіп кетпей ме – министр жауабы

© AP Photo / Gregorio BorgiaМужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото
Мужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Ерлан Тұрғымбаев рақымшылыққа қылмысы аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар ілігетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылық елдегі қылмыс деңгейіне қалай әсер ететінін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланды. Сұрақ-жауап барысында депутат Әмірхан Рахымжанов қоғамда рақымшылық елдегі қылмыстың өсуіне қалай әсер етеді деген алаңдушылық барын айтты.

"Рақымшылық бойынша сотталғандардың бостандыққа шығуы қылмыс деңгейінің артуына алып келмей ме? Өйткені бостандыққа шыққандар тағы да заң бұзуы мүмкін ғой. Полиция органдары осы бағытта қандай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр?", - деп сұрады ол ішкі істер министрінен.

Ерлан Тұрғымбаев рақымшылыққа қылмысы аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар ілігетінін атап өтті.

"Біріншіден, босатылғаннан кейін пробациядағы қызметкерлер, учаскелік инспекторлар оларды профилактикаға қояды. Екіншіден, жұмыс мәселесін шешеді, бәрін жұмысқа орналастыру керек. Ал енді бағынбаса, заңды түрде нормалар бар, соған сүйеніп тағы жауапқа тартамыз", - деп жауап берді министр.

Бұған дейін ІІМ басшысы рақымшылық туралы заң жобасына сәйкес, 2 236 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді. Соның ішінде 1 мың тұтқын түрмеден босатылады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0