Видео

Тарихтан сыр шертеді: елордада "Қазақ елі" көрмесі ашылды – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайында "ТеатрALL" театр фестивалі аясында қазақстандық суретшілер жұмыстарының ауқымды көрмесі өтіп жатыр

 "Қазақ елі" көрмесінде ертегілер әлемі, көшпенділердің тұрмысы және тағы басқалары бейнеленген.

Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратының қабаттарының бірінде көрме толығымен жылқы әлеміне арналды. Бұл жануар ежелден көшпенді халқымыздың өмірінде үлкен рөл атқарды.

"Мұнда бірнеше суретшінің туындысы қойылған. Жұмыстың негізгі тақырыбы – жылқы. Жылқы ежелден халқымыздың көшпенді өмір салтында, яғни, өркениетінде алатын орны айрықша. Жалпы халқымыз үшін жылқы қастерлі", - деді "Куланши" заманауи өнер орталығының кураторлық кеңесінің төрағасы Лейла Махат.

Сондай-ақ, көрме Қазақстан халқының "Ұлы дала аңыздары" фольклорына арналған.

"Бұл махаббат жайлы сондай сезімге толы әрі қайғылы бейнелер. Мысалға Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Жұмбақтас туралы, Балқаш ханы туралы аңыздар, Шайтанкөл, Айша бибі. Осының бәрі заманауи фотосуреттермен бейнеленген. Әрқайсысы бір-бірімен үйлесімді бейнеленген", - деп қосты Лейла Махат.

Көрмеге суреттерден басқа көшпелі халықтардың тұрмыстық заттары қойылған. Кілемдер, диірмен тастар, жиһаздар, сол сияқты ата-бабаларымыздың қолданған заттары бар.

Жаңалықтар
0