МӘСКЕУ, 2 қараша – Sputnik. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты "Спутник" сөзі 2021 жылы ең жиі қолданылғанын хабарлады. Бұл туралы ғылым жөніндегі проректор, "Жыл сөзі" жобасының ғылыми жетекшісі Михаил Осадчий мәлімдеді.
Институт жыл сайын "Жыл сөзі" зерттеуінің қорытындысын жариялайды. Оны анықтау үшін орыс тілінде жазатын БАҚ-тағы (ресейлік және шетелдік) мәтінді және әлеуметтік желідегі жазбаларды негізге алады, деп жазады РИА Новости.
"Қорытындысы бойынша бірінші орында "спутник" сөзі тұр. 2021 жылы бұл сөзді бұрынғыдан тоғыз рет жиі қолданған. Бұл сөз ресейлік вакцинаның атауымен тікелей байланысты және оның жиі қолданылуына вакциналау мәселесінің қоғамда жиі талқылануы мен ресейлік вакцинаны шетелде мойындауы себеп болды", - деп түсіндірді Осадчий.
Екінші орында "Ауғанстан" сөзі тұр. Оны 6,5 есе жиі қолданған. Сарапшының айтуынша, осы елдегі ахуалдың әлем деңгейінде талқылануы "Ауғанстан" сөзін жиі пайдалануға ықпал еткен.
Үшінші орында қолдану жиілігі бес есе артқан "Солтүстік ағын" сөз тіркесі тұр. Төртінші орында – "санақ", бесіншіде – "импичмент" тұр. Сонымен қатар "QR-код" (төрт есе), "антиекпе" (үш есе) және "антиваксер" (2,7 есе) жиі қолданылғаны белгілі болды.
"Біздің институт 2021 жылғы негізгі сөздер деп танығанымен, алдыңғы төрт жылға қарағанда сирек қолданылған сөздер тізімді тұйықтап отыр. Бұл – "сайлау", "жұмыссыз" және "өлім-жітім" сөздері", - деді Осадчий.
Ол 2020 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауының ықпалымен "сайлау" сөзі қолдану жиілігі бойынша рекорд орнатқанын айтты. Анықталғандай, орыс тілді қоғам бұл мәселені Ресейдегі парламент сайлауынан да қызу талқылаған. "Жұмыссыз" және "өлім-жітім" сөздеріне де қатысты осы жағдай қалыптасқан.