Өңірлер

Павлодарлық 6 жасар баласын ұрып, тісін қақты – қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Қажетті сараптама тағайындалды. Тексеріс кезінде ер адам отбасыдан алшақ жүреді, деп отыр полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Павлодар қаласының тұрғыны балаларын ұрып, біреуінің екі тісін қағып тастады. Сол үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция бөліміне 36 жастағы әйел хабарласып, күйеуі 6 жасар ұлын мен 7 жасар қызын ұрып-соққанына арызданған. Ер адамның ұл баланы қатты ұрғаны сонша, екі тісін қағып жіберіпті. Полиция қызметкерлері бірден сол үйге аттанды.

Сол күні екі бала да әкесімен бірге қалған. Анасы жұмыста болды. Балалар әкесін тыңдамай, үйде жүгірген. Содан ер адам ашуланып, қол жұмсады. Ал анасы келгенде отағасы үйде болмаған. Жұмысқа кеттім деп, шығып кеткен. Әйел балаларын бірден ауруханаға апарды.

"Қазір қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды. Тексеріс кезінде ер адам отбасыдан алшақ жүреді", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық құрбандары көп жағдайда көмек сұрамайтынын ерекше атап өтті.

Айта кетері, қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша 160 АЕК (466 720 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. Сондай-ақ, кінәлі адам 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0