Қоғам

WhatsApp-тан чат ашқан: екі әйел қазақстандықтарды 63 млн теңгеге алдап соқты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар бес жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 400-ден аса адам "Лидер", "Алтын Тұмар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларының құрбаны болды.

Бұл пирамидаларды Орал қаласының екі тұрғыны ұйымдастырған.

"Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар WhatsApp-та чат құрып,  7 күн ішінде салынған қаражаттың 100%-інен асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынған", - деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.

Ақша қолма-қол немесе Kaspi Gold картасына қабылданған.

Тергеу барысында анықталғандай, бір салымшының табысы басқа салымшылардан түскен жарна есебінен беріліп отырған. Ұйымдастырушылар кәсәпкерлік қызметпен айналыспаған.

Қаржы пирамидаларына барлығы 435 салымшының қаржысы тартылды. Жәбірленушілерге 63 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0