Әлем

2021 жылы ең жиі қолданылған сөз қандай

© Abzal KALIYEVКлавиатура
Клавиатура  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Оксфорд сөздігі бүкіл әлемде ең жиі қолданылған сөзді атады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінің нұсқасы бойынша 2021 жылы "вакцина" мен одан туындаған сөздер бүкіл әлемде өте жиі қолданылған. Бұл туралы британиялық сөздіктің хабарламасында айтылды.

"2021 жылдың сөзі – вакцина" (vax). Біздің лексикографтар ағылшын тілі корпусының деректерін зерделей бастағанда, "вакцина" (vax) өте жиі қолданылған сөз екенін тез аңғарды", - делінген сөздік хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, осы жылға дейін бұл сөз Оксфорд сөздігі корпусында өте сирек кездескен. 2020 жылмен салыстырғанда қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта бұл сөз 72 есе жиі қолданылған.

2020 жылы Оксфорд сөздігі жыл сөзі ретінде бір сөзді таңдай алмады. Өйткені "коронавирус" пен пандемиямен байланысты "локдаун, "әлеуметтік қашықтық", furlough (коронавирус дағдарысынан жұмыссыз қалғандарға өтемақы) және WFH аббревиатурасы (work from home – үйден жұмыс істеу) сөздерінің қолданылу жиілігі бірдей болған.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді – фото

Жаңалықтар
0