Видео

Зайсанда арнайы рейд өткізілді: полиция браконьерлерді ұстады – видео

Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында полиция арнайы рейд кезінде браконьерлерді ұстады

20 қазан мен 19 қараша аралығында өңірде "Браконьер" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі. Атап айтқанда, облыс көлдерінде табиғатты заңсыз пайдалануға бақылау күшейтіліп, рейдтер өткізіліп жатыр.

Осы уақытқа дейін 280-нен астам әкімшілік бұзушылық анықталды, сондай-ақ рейд барысында төрт браконьер ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты. 

20 қазанда Зайсан көлінің тыйым салынған учаскелерінің бірінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Дәл сол күні Алтай ауданының 33 жастағы тұрғынынан заңсыз жолмен келген балық тәркіленді.

Жаңалықтар
0