Өңірлер

Талғар қаласы әкімінің сайлауында хирург жеңіске жетті

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Сайлауға дейін ол Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Талғарда ауыл әкімінің сайлауында хирург Қайрат Исабаев жеңіске жетті.

Ол 53,5% дауысқа ие болды, деп хабарлады қалалық әкімдік Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талғар ауданы әкімдігі🇰🇿 (@talgar_akimat)

Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, барлық сайлаушылардың 58%-і сайлауға келді.

Талғар қаласы әкімінің лауазымына үш үміткер таласты. Абзалбек Сағымбекұлы сайлау қорытындысы бойынша 35,3% дауыс жинады, ал Ұлан Қызайбекті халықтың 7,7%-і қолдаған. Барлығына қарсы болған - 1,6%.

Қайрат Исабаевтың өмірбаяны

Қайрат Исабаев 1968 жылы Қостанай облысының Комсомол ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген. Мамандығы - заңгер, дәрігер. Талғар қаласының тұрғыны, Nur Otan партиясының мүшесі. Сайлауға үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған.

Сайлауға дейін ол Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болды. Сонымен қатар Талғар орталық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. Талғар аудандық мәслихатының үш шақырылымының депутаты болды. 

Бұған дейін Талғар қаласының әкімі қызметін Айдар Нұрмұханбет атқарды. Ол осы қызметке өткен жылдың 30 қарашасында келген болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0