Өңірлер

Құқық қорғаушылар Қызылорда полиция басқармасы бастығының ұсталғанын жоққа шығарды

© Photo : polisia.kzНадпись Polisia на форме
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2021
Жазылу
Қызылорда полиция басқармасының бастығы еңбек демалысында. Оған қатысты процессуалдық шара қолданылмаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының полиция департаменті Қызылорда полиция басқармасының бастығы ұсталғанын жоққа шығарды.

"Қызылорда полиция басқармасының бастығы Н.Ағаділовке қатысты жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол кезекті еңбек демалысында, бүгінгі күні оған қатысты қандай да бір процессуалдық шара қолданылған жоқ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты кез келген жағдайды сорақылық және оған жол беруге болмайды деп санайтыны, сонымен қатар өз қатарын осындай басшылар мен қызметкерлерден түбегейлі тазарту ұстанымын қолдайтыны аталып өтті.  

"Қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау жөніндегі кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді", - деп толықтырды департамент.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0