Видео

Отбасынан айырылған аққу оңтүстікке ұшуға асығар емес – жүрек елжіретерлік видео

Жазылу
Гоша есімді аққу адалдығымен тәнті етеді. Қыс тақап қалғанына қарамастан, ол отбасымен бірге мекендеген көлді тастап кетуге асығар емес

Челябі облысында зооқорғаушылар жұбынан, балапандарынан айырылған аққуды құтқарды.

Бұған дейін жергілікті көлде демалған адамдар жалғыз аққуды көріп, дабыл қаққан еді.

Белгілі болғандай, оның Глаша атты серігі балапандармен бірге өліп қалған.

Күн суытып, құстар жылы жаққа ұшуға дайындалып жатса да, Гоша асығар емес.

Тұрғындар қайғырған аққу оңтүстікке ұшпай, қыста қақаған аязда өліп қалады деп уайымдайды. Алайда экологтар аққулардың температура ауытқуын жеңіл өткеретінін атап өтті.

Жүрек елжіретерлік видеоны тамашалаңыздар.

Жаңалықтар
0