Өңірлер

Атырау облысындағы атыс: полиция күшейтілген режимге ауыстырылды

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульный полицейский в защитной маске говорит по рации
Патрульный полицейский в защитной маске говорит по рации - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2021
Жазылу
30 қазан күні кешке алты адам жарақат алып, олардың бірі көз жұмғаннан кейін Сағыз ауылын полиция тәулік бойы күзетіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Күні кеше атыс болған Атырау облысының Сағыз ауылында полиция қызметкерлері үшін күшейтілген жұмыс режимі енгізілді.

Полицейлер тәртіп орнатып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына келді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше қазір ауылдағы жағдай тұрақты, жаппай толқу байқалмайды.

"Соған қарамастан тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы күзетіп жүр", - деп хабарлады полицейлер.  

Оқиға орнына Атырау облысы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмылдырылды.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Тас жолдағы атыс

Сенбі, 30 қазан күні кешкі сағат жеті жарым шамасында Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Атырау-Ақтөбе тас жолында, Сағыз ауылының маңында атыс болды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында тас жолдағы атыс кезінде бір адам көз жұмды

Әуелі Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жарақат алған алты адам жеткізілгені туралы хабарланды. Кейінірек 36 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.

Атысқа ауыл тұрғындары арасындағы жанжал себеп болған деген болжам жасалып отыр.  

Жаңалықтар
0