Спорт

Қазақ боксшысы өзбекстандық кәсіпқойдан басым түсті – видео

Асланбек Шымбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Екі боксшы арасындағы тартысты жекпе-жекте Шымбергеновтің басымдығы көзге ұрып тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталуға жақын. Шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылардың барлығы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz

Қазақстан сапынан ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездесті. Шахрам 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі кәсіби бокстан тоғыз кездесу өткізіп үлгерген. 

Екі боксшы арасындағы тартысты жекпе-жекте Шымбергеновтің басымдығы көзге ұрып тұрды. Ол қарсыласқа соққыларын жиі дарытып, төрешілер 5:0 есебімен кездесуді Асланбектің пайдасына шешті. 

Екінші ширек финалға жолдама алу үшін Шымбергенов Германия өкілі Магомед Шахидовпен жұдырықтасады.

Айта кетері, Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Сәкен Бибосынов (51 келі);
  • Махмұд Сабырхан (54 келі);
  • Серік Теміржанов (57 келі);
  • Саматәлі Төлтаев (60 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
  • Асланбек Шымбергенов (71 келі);
  • Нұрқанат Райыс (75 келі);
  • Нұрбек Оралбай (80 келі);
  • Бек Нұрмағанбет (86 келі);
  • Айбек Оралбай (92 келі)
  • Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0