Мәдениет

Димаш Billboard хит-парадының үздіктер чартына енді - видео

Димаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2021
Жазылу
Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар, деп жазды әншінің әкесі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Димаш Құдайберген Billboard "Hot Trending Songs" хит-парадының үздік 20 ән чартына енді.

Қуанышты жаңалықты әншінің әкесі Қанат Құдайберген инстаграм парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

"Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар!", - деп жазды ол.

Димаш чартқа "Fly Away" жаңа синглымен енді. Әннің тұсауы Сочиде өткен "Новая волна" байқауында кесілген болатын.

"Fly Away" әнінің авторы Еліжан Ғаббасов пен Джордан Аракелян.

Музыкалық хит-парад көшін кәрістертің BTS тобы Butter синглымен бастап тұр.

Billboard чарты – түрлі бағыттағы музыкалық релиздердің хит-парады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0