Кей ресейліктердің "ағат мәлімдемесі" Қазақстанмен қарым-қатынасты бұзады – сарапшы

© Sputnik / Абзал КалиевГосударственный флаг Республики Казахстан
Государственный флаг Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
БАҚ кеңістігінде мұндай мәлімдемелердің пайда болуы Қазақстан мен Ресейдің бірлігіне сызат түсіреді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Ресейдің ресми тұлғаларының Қазақстан туралы "ағат мәлімдемесінен" кейін сарапшылар сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, деп есептейді "Экономика жоғары мектебі" ұлттық зерттеу университетінің әлем экономикасы және әлем саясаты факультетінің доценті Александр Королев.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "2021 жылғы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы: сарапшылардың бағалауы мен болжамдары" атты дөңгелек үстел өтті.

"Біз соңғы кездері Ресейдің ресми тұлғаларының, оның ішінде сарапшылардың бірлікке, стратегиялық құндылық пен Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы стратегиялық түсінігіне нұқсан келтіретін ағат мәлімдемелерін естіп жүрміз", - деді Королев дөңгелек үстел барысында.  

Мұндай мәлімдемелер Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатты салқынын тигізеді, дейді сарапшы.

"Осы бағытта сарапшылық деңгейде сауатты ақпарат науқанын жолға қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені мұндай жағдайларды тоқтатпаса, бүгінгі күнге дейін қол жеткізілген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы интеграциялық құндылығына дақ түсіруі мүмкін", - деп түйіндеді Королев.

Оқи отырыңыз: Лавров ресейлік саясаткерлердің Қазақстан туралы мәлімдемесін сынға алды 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никонов "Қазақстан аумағы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы" деген болатын. Тағы бір депутат Евгений Федоров Никоновтың пікірін қолдап, Қазақстан өз аумағын Ресейге беруі керек деп мәлімдеді. Кейінірек Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесін "күмәнді әрі арандатушы сипатқа ие" деп атады.

Жаңалықтар
0