Қоғам

Қар, жел мен көктайғақ: 30 қазанда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Айгерим ТаубайПервый снег выпал в Алматы
Первый снег выпал в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазгидромет 30 қазанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, ертең елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр аралас қар жауады. Елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашын жаумайды.

"Республиканың басым бөлігінде тұман, солтүстігінде бұрқасын болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады", - делінген синоптиктер болжамында.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың батыс бөлігінде желдің екпіні 25 м/с-ге жетеді. Түнде облыстың оңтүстігі, шығысы мен күндіз оңтүстігі мен батысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Таңертең және күндіз облыстың батысында тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде тұман түседі. Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады, Алматы облысының тауларында көктайғақ болады.

Қарашада ауа райы қандай болады

Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8...-13°С дейін, күндіз +3...+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман болады.

"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17...-25°С дейін, күндіз -8...-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

Оқи отырыңыз: 30 градус аяз болады – қараша айына болжам 

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10...+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5...-17°C, күндіз -2...-7°C дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

Жаңалықтар
0