Әлем

Жасыл экономика дағдарыс символы ма?

© REUTERS / BING GUANВетровая электростанция
Ветровая электростанция - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
БҰҰ шенеуніктері ғаламшарды сақтап қалу идеясының авторы ретінде ниеттестікке, теңдік пен өзара көмекке шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. 6 жыл бұрын Парижде климат жайын талқылағандар қайтадан Глазгода бас қосуды жоспарлап жатыр, деп жазды Sputnik радиосы.

Ресей журналисі Елена Караеваның айтуынша, Глазгода БҰҰ конференциясының ашылуы қарсаңында БАҚ-қа Грета Тунберг ұрандарына басымдық берілген мәлімдеме жасалған. Шарада "қалалар теңіз түбіне кеткенде" және "бензинді осылай қолдана берсек, ғаламшарды күл басып қалатыны" туралы үрейлі баяндамалар оқылған.

Баспа ісі, яғни типография да табиғатқа орасан зор зиян келтіріп жатқан көрінеді. Себебі ағаштар жойылып жатыр, бояу улы, ал тасымалдау кезінде ауаға СО2 бөлініп жатыр.

Не істеу керек?

БҰҰ шенеуніктері ғаламшарды сақтап қалу идеясының авторы ретінде ниеттестікке, теңдік пен өзара көмекке шақырады.

Кім қарсы?

Осы жағдайдан тікелей табыс көретін ірі трансұлттық корпорациялар алақандарын ысқылап жатыр: себебі олар бір жағынан энергия ресурстары тапшылығын тудырып, өз өнімінің бағасын аспандатып отырса, екінші жағынан бұлар жартысы дәл сол "жасыл әдіске" бағытталатын пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру қорының рецепиенттері болып отыр. Ал бұл 350 миллиард еуродан астам қаражат.

Тұйыққа бет алғандар

Жаңартылатын энергия көздеріне көшу тек қағаз жүзінде оңай әрі сәтті болғанымен, еуробюрократтар кейбір тұстарды есепке алмаған секілді: мысалы Табиғат-ана жел екпіні мен ауа райы ашық күндердің санына да ықпал ететінін ескермеген.

Ал серіктестеріне сұйылтылған газ жеткізуге уәде еткен АҚШ нарық заңдылығына сәйкес танкерлерді қайтадан Азияға бағыттады.

Бір бөлігі Шотландия болып отырған Біріккен Корольдіктегілер "жанармайдың экологиялық түрлеріне көшудің баламасы жоқ екеніне" сенімді. Айта кетері, климат туралы конференция дәл осы Шотландияда өткелі жатыр. Мұнда газ тапшы шикізатқа айналды.

Оқи отырыңыз: Қытай ғалымы мұнай қанша жылдан кейін таусылатынын болжады 

Ла-Манштың басқа жағалауында, Брюссельдегілер Ресейге "энергия тәуелділіктен тек жел энергиясы мен күн ғана құтқарады" деп мәлімдеуден жалығар емес.

Алайда күні кеше ғана Ресей президенті Владимир Путин елден "көгілдір отынды" еуропа газ  қоймаларына қосымша айдау туралы "Газпром" басшылығына тапсырма берді.

Сондықтан "жасыл" мен "көгілдір" арасындағы қақтығыста ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдай алатындар басым түсетін секілді. Ал әдемі сөз бен құр уәдеден үй жылынбайтыны белгілі.

Жаңалықтар
0