Спорт

Серік Теміржанов әлем чемпионын нокдаунға түсірді – видео

© Photo : Казахстанская федерация бокса/Данияр Майлыбаев Серик Теміржанов
Серик Теміржанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Серік Теміржанов екінші айналымда жапондық Реито Цуцумимен кездесті. Қарсыласы биыл жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, үздік боксшы атанған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымда жапондық Реито Цуцумимен кездесті. Қарсыласы биыл жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, үздік боксшы атанған.

Бірақ Теміржанов оны айқын басымдықпен жеңді. Екінші раунда Цуцуми нокдаун алып қалды. Осылайша, қазақ боксшысы чемпионаттың 1/8 финалына шықты.

Команда капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) те екінші жекпе-жекте венесуэлалық Кристиан Паласионы 5:0 есебімен ұтты.
Ал аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Нұрлан Сапарбай (+92 келі) бірінші айналымнан аса алмады. Алғашқы жекпе-жекте Испаниядан келген Аюб Гадфа Дриссиге жол беріп қойды. Есеп – 1:4.
Осылайша, тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі) бразилиялық Кено Мачадодан ұтылып қалған
Айта кетері, Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Сәкен Бибосынов (51 келі);
  • Махмұд Сабырхан (54 келі);
  • Серік Теміржанов (57 келі);
  • Саматәлі Төлтаев (60 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
  • Асланбек Шымбергенов (71 келі);
  • Нұрқанат Райыс (75 келі);
  • Нұрбек Оралбай (80 келі);
  • Бек Нұрмағанбет (86 келі);
  • Айбек Оралбай (92 келі)
  • Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0