Видео

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы-2021: сарапшылар болжамы –дөңгелек үстел

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "2021 жылғы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы: сарапшылар бағаcы мен болжамы" атты халықаралық дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Коронавирус пандемиясына қарамастан Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін сақтап қалды. Қазір қос елдің серіктестікті одан әрі нығайтуға қандай мүмкіндіктері бар? Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кооперациялық байланыстардың перспективалары қандай? Ақпарат, энергетика және әлеуметтік салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың трендтері, сондай-ақ экономиканың шикізат емес секторларындағы өзара іс-қимылды дамыту тетіктері қандай? Осы және басқа да мәселелерді сарапшылар талқылайды.

Іс-шараға қатысатын спикерлер:

Әлібек Тимитайұлы Тәжібаев, "Еуразия мониторингі" талдамалы зерттеулер орталығының директоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);

  • Таисия Викторовна Мармонтова, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтының профессоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
  • Радик Ишкалиевич Мырзағалиев, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығының директоры (Уфа қаласы, Ресей) (онлайн);
  • Юрий Юрьевич Мельник, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің аға кеңесшісі;
  • Виктор Сергеевич Панов, "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің басшысы;
  • Артур Рамильевич Сулейманов, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығының этносаясат және жанжалтануды зерттеу секторының жетекшісі (Уфа қаласы, Ресей) (онлайн);
  • Александр Сергеевич Королев, ЭЖМ ҰЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің доценті (Мәскеу, Ресей) (онлайн);
  • Замир Әнуарұлы Қаражанов, тәуелсіз қазақстандық саясаттанушы;  
  • Мирас Бахытханұлы Жиенбаев, ЭЖМ ҰЗУ еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының зерттеушісі (онлайн);
  • Михаил Григорьевич Бреслер, философия ғылымдарының кандидаты, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті бизнес экожүйелері және креативті индустриялар институты халықаралық қатынастар, тарих және шығыстану кафедрасының доценті (Ресей, онлайн);  
  • Сергей Николаевич Федорченко, Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің саясаттану және құқық кафедрасының профессоры (Мәскеу қаласы, Ресей) (Zoom);
  • Алексей Владимирович Чекрыжов, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығының әлемдік экономика мен еуразиялық интеграциялық үдерістерді зерттеу секторының жетекшісі (Ресей) (онлайн).

Іс-шараны қазақстандық "Еуразия мониторингі" талдамалы зерттеулер орталығы, Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы (Уфа қаласы, Ресей) ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел тікелей эфирде Sputnik Қазақстан сайтында және біздің Facebook парақшамызда көрсетіледі.

Жаңалықтар
0