АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отбасында бесінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қуанышты жаңалықты министрдің өзі хабарлады.
"Баспасөз маслихатында қойылып жатқан сауалдар үшін емес, өмірімдегі ең бақытты сәтті күту сезімінен қобалжып отырдым. Сүйінші! Бесінші сәбиіміз дүниеге келді", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағдат Мусиннің жаңа туған сәбиінен басқа екі қыз, екі ұлы бар.
Бүгін министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы" тақырыбындағы конференцияға қатысты. Ол ұялы операторлардың жұмысына қатысты пікір білдіріп, жүргізуші куәлігін алу емтиханына енгізілген өзгерістерді таныстырды.
Оқи отырыңыз: