Әлем

Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті

© Sputnik / Владислав ВодневFacebook
Facebook - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Facebook-тің ребрендингі оған тиесілі бағдарламалық өнімдердің атауын өзгертпейді

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Facebook атауын Meta деп ауыстырды, деп хабарлады компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг.

"Бүгіннен бастап біз Meta деп аталамыз", - деді Цукерберг компанияның таныстырылымында.

Сондай-ақ ол компанияның логотипін таныстырды, ол жерде көк лента түрінде Мебиус бейнеленген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Маған бұрын классикалық зерттеулер ұнайтын, ал Meta сөзі грекше "кейін" деген сөзден шыққан. Ол мен үшін әрқашан басқа дүниелер де жасауға болатынын білдіреді", - деді Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа бренд компанияның назарын метаәлемге аударады, ол жерде адам экраннан бас тартып, өзін виртуалды шын әлемде сезінеді.

Facebook қызметі емес, виртуалды метаәлем Meta компаниясының бизнес орталығында болады, деп хабарлады Марк Цукерберг.

"Біз үшін бірінші орында Facebook емес, метаәлем тұрады. Яғни келешекте біздің басқа қызметтерді пайдалану үшін Facebook қажет болмайды", - деді Цукерберг презентация барысында.

Оның сөзінше, Facebook-тің ребрендингі оған тиесілі бағдарламалық өнімдердің атауын өзгертпейді.

"Біздің қосымшалар және олардың бренді өзгермейді", - деді Цукерберг.

Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісінен басқа, компанияға Messenger, WhatsApp және Instagram тиесілі.

Америкалық Facebook корпорацияның акциялары желтоқсанның басынан бастап жаңа атаумен саудаланады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"Біз сондай-ақ 1 желтоқсаннан бастап жаңа MVRS тикерімен сауда жасауды жоспарлап отырмыз", - делінген компания сайтындағы хабарламада. Қазір компанияның акциялары FB тикерімен саудаланады.

Компания енді өзінің қаржылық көрсеткіштері туралы басқаша есеп береді – осы жылдың төртінші тоқсанынан бастап Meta өз жұмысының нәтижесін екі блокқа бөледі: біріншісі компанияның барлық қосымшасының жұмысын біріктіреді, екіншісі виртуалды шындық технологиялары бағытында жұмыс істейді. Корпорация ішіндегі корпоративтік құрылым өзгермейді.

Facebook атауының өзгеруі компанияның дәстүрлі өнімдерінің жастар арасында танымалдылығының төмендеуіне байланысты іске асты.

Сондай-ақ баспасөзде оның этикаға жатпайтын іскерлік тәжірибелерін әшкерелеу де әсер етті. Атауын өзгерту туралы жаңалықтан кейін компания акциялары 3%-ке өсті, алайда артынша реттелді.

Оқи отырыңыз: Фейсбук бойдақтар мен ажырасқандарға арналған жаңа сервисті іске қоспақ

Жаңалықтар
0