Видео

Театр фестивалі: елордада танымал өнер ұжымдарының қойылымы өтеді – видео

Жазылу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтанда "ТеатрALL" театр фестивалі басталды. Оған 12 елордалық және Ресейден шақырылған 2 театр қатысады

Театр фестивалі елордада 28 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді. Оны мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Фестиваль аясында "Астана Балет" театрының, "Қанаттылар" инклюзивті театрының, "Жастар" театрының, "Astana Musical" мемлекеттік театрының, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының, Музыкалық жас көрермен театрының, "Наз" мемлекеттік би театрының, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, қуыршақ театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, "А.И." театрының, "Современник" халықтық жастар театрының әртістері өз қойылымдарын көрсетеді.

Ауқымды іс-шараның құрметті қонақтары – Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры және С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры.

Фестиваль аясында "Астана Балет" театрының, "Қанаттылар" инклюзивті театрының, "Жастар" театрының, "Astana Musical" мемлекеттік театрының, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының, Музыкалық жас көрермен театрының, "Наз" мемлекеттік би театрының, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, қуыршақ театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, "А.И." театрының, "Современник" халықтық жастар театрының әртістері өз қойылымдарын көрсетеді.

Театр апталығының алаңында қойылымдардан басқа мемлекеттік академиялық неміс драма театрының көркемдік жетекшісі Наташа Дубстың актерлік шеберлігі бойынша мастер-кластар, "Byterekte" заманауи өнер көрмелері және Лейла Махаттың бейнелеу өнері галереялары өткізіледі.

Жаңалықтар
0