Қоғам

Аяжан Еділованың өлімі: айыпталушы алқабилер сотынан бас тартты

© Photo : almaty.tvПропавшая Аяжан Едилова
Пропавшая Аяжан Едилова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Айыпкер істі алқабилер сотының қарауынан бас тартты, енді үкімді судья шығарады

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Аяжан Еділованың өліміне қатысты қылмыстық істің алдын ала тыңдауы аяқталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қалалық соты хабарлады.

"Оның қорытындысы бойынша басты сот талқылауының күні белгіленді, ол 9 қараша сағат 10-да өтеді. Процесс жабық режимде өтеді. Алдын ала тыңдауда айыпкер істі алқабилер сотының қарауынан бас тартты", - деді Алматы сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Ол заң талаптарына сәйкес істі судья жеке қарайтынын айтты.

Бұған дейін іс сотқа 20 қазанда түсті. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") және 99-бабы ("Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру") бойынша айып тағылып отыр. Іс Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Аяжан Еділованың өлімі

2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Қызды іздеу бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды. Оның бөлшектенген денесі Нұркент ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Оқи отырыңыз: "Өмір сүргім келеді": Аяжан Еділованың әпкесі оның қандай адам болғанын айтты 

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. Денесі Талдықорғанда жерленді.

Кісі өліміне күдікті мен Аяжан келісім бойынша кездескен, бірақ бұл кездесудің мақсаты әлі де белгісіз. Туыстары бұл Аяжан бизнесіне қатысты деп ойлайды, қыз киім дизайнымен айналысқан.

Күдікті ер адам бірден ұсталды. Ол жәбірленушімен бірге кіреберісте бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктінің 1993 жылы туған ер адам екені, Түркістан облысында тұрғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0