Спорт

Қазақ боксшылары қатысып жатқан чемпионатта бірнеше ауыр нокаут болды – видео

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Бүгін Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов екінші жекпе-жектерін, ал Нұрлан Сапарбай алғашқы кездесуін өткізеді. Чемпионатқа 13 боксшымыз аттанды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Сербия астанасында бокстан Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыс жолына тағы екі қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

71 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жекте ирандық Фархад Морадимен жұдырықтасты. Бірінші раундтың соңында екі боксшы баспен қатты соқтығысып қалды. Сол кезде ирандық спортшының маңдайы жарылды. Дәрігерлер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Ал төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді.

Сондай-ақ, жарыс жолына Бек Нұрмағамбет (86 келі) шықты. Бірақ бразилиялық Кено Мачадодан 0:5 есебімен ұтылып қалды.


Чемпионатта бірнеше ауыр нокаут болды. Мәселен, Асланбек Шымбергеновтың салмағында жұдырықтасып жүрген өзбек боксшысы Шохжахон Абдуллаев ауыр нокаутқа түсті. Жекпе-жектің жеңімпазы – белгиялық Виктор Скелстраете.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AIBA - Boxing (@aiba_official)

Бұдан бөлек, ресейлік Шарапутдин Атаев (86 келі) литвалық Тадас Тамошаускасты нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AIBA - Boxing (@aiba_official)

Беларусь боксшысы Евгений Кармильчик (48 келі) болса, өз қарсыласын 45 секундтың ішінде жеңді. Шри-Ланкадан келген Санджев Мутанака алдымен нокдаунға түссе, одан кейін нокаут алып қалды.

Сондай-ақ, панамалық Эдуардо Бекфорд Чемберс (71 келі) те өз жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. Ол Сьерра-Леона тумасы Мохаммед Силладан басым түсті.

Айта кетері, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келі) екінші жекпе-жектерін, ал Нұрлан Сапарбай (+92 келі) алғашқы кездесуін өткізеді.

Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.
Олар:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Сәкен Бибосынов (51 келі);
  • Махмұд Сабырхан (54 келі);
  • Серік Теміржанов (57 келі);
  • Саматәлі Төлтаев (60 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
  • Асланбек Шымбергенов (71 келі);
  • Нұрқанат Райыс (75 келі);
  • Нұрбек Оралбай (80 келі);
  • Бек Нұрмағанбет (86 келі);
  • Айбек Оралбай (92 келі)
  • Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Команда капитаны - Абылайхан Жүсіпов.

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0