Экономика

Араб бизнесмендері Қазақстандағы екі ірі нысанды жекешелендіруі мүмкін

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуПлотина
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Өскемен және Шүлбі су электр станцияларының нарықтық бағасын анықтау жұмысы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Өскемен және Шүлбі су электр станцияларын шетелдік инвесторларға беру мәселесі қаралып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бірлескен декларацияға қол қойған. Осы құжатқа сәйкес, басымды салаларда бірлескен жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату қарастырылған.

"Тараптар Қазақстан үкіметі "АЭС Шүлбi ГЭС" ЖШС мен "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) процентіне дейін Әбу-Даби мен қазақстандық инвесторлар консорциумына тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға ниетті екенін мойындайды", - делінген декларацияда.

Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков құжаттың осы тармағына қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі кезде қаржы министрлігі халықаралық консультантты тарту арқылы осы нысандардың нарықтық бағасын анықтау жұмысын атқарып жатыр. Содан кейін ғана араб жағымен келіссөздер жүргізіледі. Бәлкім, инвесторлар жекешелендіріп алады. Дәл қазір біз осы мәселелерді талқылап жатырмыз. Алдымен бағалау бітсін. Содан кейін келіссөз бастаймыз", - деді Жүребеков баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, су электр станцияларының нарықтық бағасын анықтау шаралары жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін.

Депутат алаңдаушылық білдірді

Бұған дейін мәжіліс депутаты Сергей Решетников Өскемен және Шүлбі су электр станцияларының жекешелендіруге қатысты үкімет жоспарына наразылық білдірген. Қазіргі кезде ол нысандар мемлекет меншігіне жатады.

Депутаттың айтуынша, мемлекетке осы екі су электр станциясын жеке меншікке берген тиімді. Себебі эксплуатация мен жөндеуге кететін шығындар азаяды. Алайда ол нысандар бюджетке салмақ түсірмей, өз шығынын толығымен ақтап отыр. Мәселен, 2019 жылы Өскемен су электр станциясының жалпы табысы 1,8 миллиард теңге болы. Ал Шүлбі су электр станциясы 1,2 миллиард теңге тапты. Барлық шығын сол ақшамен жабылды. Бюджеттен қосымша қаржы алынған жоқ.

"Су электр станцияларын жекешелендірудің нәтижесінде кәсіпкерлер халыққа тариф жағынан өз талаптарын қоюы мүмкін", - деді Решетников мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, мәжілісмен шағын су қоймаларын жеке меншікке беру тәжірибесін еске алды. Соның салдарынан 2010 жылы Қызылағаш трагедиясы болды. Сол кезде су тоғаны жарылып, 45 адам көз жұмды. Төтенше жағдайдан кейін ондай құрылыс нысандарын мемлекет меншігіне қайтара бастады.

Жаңалықтар
0