Іс-шара Nomad City Hall концерт залында ұйымдастырылып, отандық эстрада әртістерінің концертімен жалғасты.
Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды.
Nur Otan партиясы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі байқау бес номинация бойынша өткізілді: "Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік мемлекеттік қызметші", "Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік азаматтық қызметші", "Үздік әлеуметтік қызметкер", "Әлеуметтік қорғаудың үздік мекемесі" және "Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым". Жобаға қатысуға 40-тан астам өтінім түсті. Жеңімпаздарды арнайы байқау комиссиясы анықтады.
Марапаттау рәсімі мен жеңімпаздардың әсерін видеодан тамашалаңыз.