НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақаттанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 27 қазанда болған.
"Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда", - делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша тексеріс басталды.