Өңірлер

Ақтөбенің теміржол вокзалында Ashyq үшін жанжал болды

© Sputnik / Табылды Кадырбековжұдырық
жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Полиция бұзақыны ұстады. Ал Қазақстан теміржолы компаниясы залалдың мөлшерін 39 мың теңгеге бағалады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Ақтөбенің теміржол вокзалында жанжал шығарған ер адам бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды diapazon.kz порталы.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ақтау қаласының тұрғыны теміржол вокзалына Ashyq-тан өтпей, кіріп кеткісі келген. Алайда күзетші және кезекші оны тоқтатып, барлығына ортақ ережені орындауды талап етті. Содан екі жақ сөзге келіп, арты жанжалға ұласты. Сол кезде вокзалға кіре алмаған жолаушы жерден тратуар төсейтін тастың бір бөлігін алып, ғимараттың терезесіне лақтырған.

"Қалаға Ashyq арқылы кіргізеді": желіде ұзын-сонар кептелістің видеосы тарады

Полиция бұзақыны ұстады. Ал Қазақстан теміржолы компаниясы залалдың мөлшерін 39 мың теңгеге бағалады.

Сотта бұзақы өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сот оның өтінішін ескеріп, бір жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.
Заң бойынша ер адам кешкі уақытта үйде отыруы тиіс. Көңіл көтеретін жерге баруға болмайды. Сондай-ақ, бір жыл бойы пробациялық бақылау қызметіне барып, есеп беріп тұруға міндетті.

Жаңалықтар
0