Өңірлер

Облыс әкімінің орынбасары отставкаға өтініш жазуға мәжбүр болды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Осымен екі жылдың ішінде екінші басшы қол астындағы қызметкерлердің пара алғаны үшін отставкаға кетіп отыр

ПЕТРОПАВЛ, 27 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің денсаулық сақтау саласына жауапты орынбасары отставкаға кетуге өтініш жазуға міндетті. Себебі оның қол астында жұмыс істейтін қызметкерлердің пара алғаны дәлелденді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

26 қазанда Петропавл қаласының соты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановқа қатысты үкім шығарды. Шенеунік "Денсаулық" ЖШС директорынан жас мамандарға берілетін төлемақыны бөлгені үшін 200 мың теңге пара алғаны үшін айыпталған. Сотта Сақтағановтың кінәсі дәлелденді. Ол 5 миллион 807 мың теңгенің айыппұлын арқалады. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сот үкімінен кейін денсаулық сақтау саласына жауапты орынбасары Асқар Сақыпкереевтің отставкаға кететінін жеткізді. Бұл – заң талабы.

"Біз заңды орындаймыз. Бәрін заң бойынша жасау қажет. Қол астындағы қызметкердің пара алғаны сотпен дәлелденсе, онда сот үкімі күшіне енгеннен кейін осы салаға жауапты әкім орынбасары отставкаға өтініш беруге міндетті", - деді Ақсақалов журналистермен болған кездесуде.

Айта кетері, 2 қарашада Асқар Сақыпкереев 63 жасқа келеді. Демек, сот үкімі күшіне енгенше заңды түрде зейнеткерлікке шыға алады.

Сақыпкереев СҚО әкімінің орынбасары қызметіне 2017 жылы наурыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін 13 жыл бойы облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына жетекшілік етті.

Осымен екі жылдың ішінде СҚО-да екінші басшы қол астындағы қызметкерлердің пара алғаны үшін отставкаға кетіп отыр. Былтыр мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының экс-басшысы Батырбек Қалабаевтың пара алғаны дәлелденіп, облыс әкімінің орынбасары Антон Фадеев отставкаға кеткен.

Басқарма басшысы параны ақшамен ғана емес, соғыммен де алған.

Жаңалықтар
0