Оқиға

Баланы самокаттан ұрып құлатты: Тараз полициясы жағдайды түсіндірді – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМальчик на самокате
Мальчик на самокате - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
20 қазанда баланың анасы қалалық полицияға жүгінді. Ол баласын Абай даңғылындағы медициналық клиниканың жанында белгісіз біреудің ұрғанын айтты

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Таразда бір апта бұрын ер адам үш жасар баланы итеріп, самокаттан құлатты. Жамбыл облысының полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желідегі видеода самокаттағы баланы көруге болады. Оның жанынан өтіп бара жатқан ер адам бұрылып, баланы ұрып құлатты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

20 қазанда баланың анасы қалалық полицияға жүгінді. Ол баласын Абай даңғылындағы медициналық клиниканың жанында белгісіз біреудің ұрғанын айтты.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

"Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық аурумен ауыратыны және қазір облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Кәмелетке толмағанға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

Психиатр Ғалия Елгембаеваның айтуынша, науқас 2018 жылдан бастап шизофрения диагнозымен есепте тұр.

"Біздің стационарда бірнеше рет емделді, екінші топтағы мүгедек саналады. Мұның алдында 2021 жылдың шықты", - деді Елгембаева.

Оның айтуынша, науқастың мұндай әрекетке қашан баратынын болжау мүмкін емес.

"Шамасы, сол кезде оның жағдайы өте ауыр болған, ол "кататоникалық эпизодтары бар шизофрения" диагнозымен тіркелген. Ауру асқынып, агрессия пайда болған. Артынша сондай әрекетке барған болуы мүмкін", - деп қорытындылады дәрігер.

Жаңалықтар
0