Өңірлер

"Шаршадық": билікке өкпелі ауыл тұрғындары көшеге шықты

© Sputnik / СтрингерТалапкер ауылы
Талапкер ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Талапкерде шамамен 25 мың адам тұрады. Алайда елорда жанындағы үлкен ауыл орталық жылу және сумен жабдықтауға қосылмаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Астанадан алты киломтер қашықтықта орналасқан Талапкер аулының тұрғындары асфальт төселмеген жолға шағымданды.

Көптен күткен жол жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Республикалық бюджеттік комиссия жобаны қаржыландыруды жарты жолда тоқтатып тастады, деп хабарлайды "Астана ТВ".

Әбден мезі болған ауыл тұрғындары бұл проблемаға билік назар аударады деген үмітпен көшеге шықты.

Талапкерде шамамен 25 мың адам тұрады. Алайда елорда жанындағы үлкен ауыл орталық жылу және сумен жабдықтауға қосылмаған.

Ал жолдың жоқтығы олар үшін басты проблема болып отыр.

"Үш жылдан бері осы жоба созылып келеді. Яғни, қаржыландыру жеткіліксіз. Біз лай кешіп күнелтуден шаршадық. Көктем мен күзде жүрму мүмкін емес", - деді Амангелді есімді Талапкер тұрғыны.

Емхана болмағандықтан, көбі елордада тіркелген. Ал Талапкер халқының саны жыл сайын өсіп жатыр.

Шенеуніктер басқа облыстардан үнемделген қаражатқа үміт артқандарын айтты. Сондықтан мердігерлерді алдын ала, яғни қарызға жұмыс бастауды көндірген. Бірақ жол төсеушілер бюджеттен ақша ала алмай, жұмыстарды тоқтатқан.

"Біз жұмыстарды ертерек бастап, жыл соңында бізге қаражат бөледі деп ойладық. Қазір біз республикалық бюджетті нақтылауды күтіп отырмыз. Сол кезде осы мәселе қаралады деп ойлаймын", - дейді Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Жұмаулов.

Қажымұқан мен Ыбырай Алтынсарин ауылдарындағы көшелерге де ешқашан жөндеу жүргізілмеген. Бұл ауылдар да Талапкер ауылдық округіне қарасты.

Оқи отырыңыз: Астана іргесіндегі "аты жоқ" ауылда резеңке етік "сәнге" айналып тұр

 

Жаңалықтар
0