Өңірлер

Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Камшат АбдирайымПервый снег выпал в Алматы
Первый снег выпал в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Солтүстікте, оңтүстік-шығыста - көктайғақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері.

Тек батыс, оңтүстік-шығыс өңірлер де ғана жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстікте, оңтүстік-шығыста - көктайғақ, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, күндіз +2, +4, түнде -4, -6 болады.

Алматыда түнде және күндіз жылы болады. Күндіз +16, +18 градус, түнде 4-6 градус жылы.

Шымкентте күндіз + 17, +19, түнде плюс 6-8 градус, жауын-шашынсыз.

Өңірлердегі ауа райы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысында таулы жақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында – тұман, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және таулы аудандарда 15-20 м/с жел болады деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0