Өңірлер

Павлодар облысында ағасының мәйітінен 5 шақырым жерде інісінің денесі табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПастух
Пастух - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
5 қазан күні ағалы-інілі екі ер адам Ақжол ауылы маңында орналасқан шаруа қожалығына тиесілі мал жайылымынан кетіп қалған

ПАВЛОДАР, 26 қазан — Sputnik. Павлодар облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тағы бір ағайындының мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 36 жастағы ер адамның денесі Ақжол ауылынан 25 шақырым жерде, дала аймағында табылған. Ағайындылардың денелері бір-бірінен 5 шақырым қашықтықта болды.

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды, деп нақтылады полицияда.

Павлодар облысында ағайынды бақташылар жоғалды

19 қазанда Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны арызданған. Айтуынша, 5 қазан күні 17.00 шамасында 1967 және 1985 жылғы ағалы-інілі екі ер адам Ақжол ауылы маңында орналасқан шаруа қожалығына тиесілі мал жайылымынан кетіп қалған.

Іздеу жұмыстарына полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел іздеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларына еріктілер көмектесті.

25 қазан кешке жайылымнан 20 шақырым жерде, жазық даладан 54 жастағы ер адамның денесі табылған болатын. Марқұмның денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқ.

Сот-медициналық сараптама алдын ала болжам бойынша бақташының өліміне дененің қатты тоңуы себеп болғанын көрсетті.

Жаңалықтар
0